Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда 1 маусымнан бері Армениядан әкелінген 2000 көлік тіркелген

2020 жылдың 16 маусым 2020 17:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осы айдың басынан бастап Қазақстанда Армениядан әкелінген 2 мың автокөлік тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ішкі істер министрлігі осы жылдың 1 маусымынан бастап біздің азаматтарымыздың Армениядан әкелген көлік құралдарын тіркеу бойынша жұмыстарды жүргізуде. Алғашқы екі аптада 2 мыңнан астам автокөлік тіркелді. Тіркеу басым көпшілігі – елдің батыс аймақтарында. Республикадағы барлық тіркеудің жартысынан көбі Ақтөбе, Атырау, БҚО және Маңғыстау облыстарының үлесіне келеді», - деді ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов ОКҚ-да «ҚР азаматтары Армениядан әкелген автомобильдерді тіркеу туралы» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында.

ІІМ өкілінің айтуына қарағанда Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу рәсімі өте қарапайым әрі ол азаматтардан көп уақытты талап етпейді.

«Тіркеу шарттары мен көліктерге қойылатын талаптарға келер болсақ, олар барынша оңай жасалған. Нақты талаптарға тоқталсақ, тіркеуге – Арменияның жауапты органдарында Қазақстан азаматтарының атына 2020 жылдың 1 ақпанына дейін жазылған көліктер жатады. Көлік тек сатып алған сол көліктің иесінің атына ғана тіркеледі. Сенімхат немесе сақтандыру полисі арқылы мініп жүрген адамдардың атына көлік тіркелмейді. Себебі олар заң жүзінде автокөліктердің иесі емес. Десе де, сақтандыру полисі арқылы мұндай санаттағы көлікті басқа біреудің басқаруына беруге болады», - деді Серік Түсіпов.

Жиын барысында Серік Түсіпов Қазақстанда рулі оң жақта орналасқан көліктерге неліктен тыйым салынғанын түсіндіріп берді. Армениядан әкелінген көлікті сенімхатпен жүргізген азаматтың атына неліктен тіркеуге болмайтынын айтты.

Одан бөлек ол «Қырғызстаннан әкелінген көліктерді заңдастыруға бола ма?» деген сұраққа жауап берді.

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: ҚР ІІМ, Заң, Армения, Көлік,
Жоғары қарай