Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыға кіріп-шығуға шектеу қойылатыны рас па - Әкімдік жауап берді

2020 жылдың 14 маусым 2020 11:40

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігі мессенжерде тараған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, соңғы күндері түрлі мессенжерде «Алматыға кіріп-шығуға тыйым салынады» деген сыңайда хабар тараған еді.

«Алматыда карантиннің күшеюіне байланысты қайтадан блокпост қойылып, көлік қозғалысына шектеу қойылады деген ақпарат тарады. Бұл мәлімет шындыққа жанаспайды. Мұндай сенімсіз ақпараттарға сенбеңіздер. Барлық шынайы ақпарат қала әкімдігінің сайты секілді ресми ақпарат көзінде жарияланады» деп мәлім етті қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанда да 19 маусымнан бастап көлік қозғалысы тоқтап, қала жабылатыны туралы мәлімет тараған еді. Оны шаһар басшылығы жоққа шығарған.

Еске сала кетейік, 11 маусымда әлеуметтік желілерде Алматы облысында қайтадан блокпостар қойылатыны туралы хабар шықты. Осы орайда Алматы облысы және Алматы қаласының полиция департаменті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын жеткізді.


Жоғары қарай