Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да 60-тан астам мекеме карантин талабын бұзған

2020 жылдың 10 маусым 2020 16:37

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында санитарлық талаптардың сақталуын тексеру мақсатында үш күнде 200-ге жуық мекемеге рейд жүргізілді. Олардың арасында сауда орындары, қызмет көрсету нысандары мен мектепке дейінгі ұйымдар бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 6-8 маусым аралығында өңірде 62 заңбұзушылық анықталған. Рейд барысында 120-дан астам дүкен мен азық-түліктік емес сауда орны, 5 шаштараз, 4 балабақша, 20 демалыс базасы, 3 дәріхана сондай-ақ қонақүйлер, дәмханалар, пошта бөлімшелері және мемлекеттік органдар тексерілді.

«8 маусымда 29 объектіде 38 заңбұзушылық анықталды. Оның ішінде 28 жағдай – санитарлық-дезинфекциялық режимнің бұзылуына, 8-і – маска режимін бұзу және жеке қорғаныс құралдарының болмауына, 2-еуі – тамақ өнімдерін қаптамаға салмай сақтауға қатысты. Барлық кәсіп иелеріне ескерту жасалып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді», - делінген хабарламада.

Арнайы құрылған мобильді топтар тексеру жұмыстарын ары қарай жалғастыра бермек.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да 18-31 мамыр аралығында 300-ден астам нысан санитарлық нормаларды сақтамағандығы хабарланды.


Жоғары қарай