Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Индонезияда әскери тікұшақ апатқа ұшырады

2020 жылдың 6 маусым 2020 22:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенбі күні Индонезияның Орталық Ява провинциясында тікұшақ апатқа ұшырап, төрт әскери қызметші қаза тауып, бесеуі зардап шекті, деп хабарлайды Jakarta Globe басылымы елдің қарулы күштеріне сілтеме жасап.

Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 13.40 Кендал қаласындағы өнеркәсіп кешенінің маңында болған. Армия өкілі Нефра Фирдаус (Nefra Firdaus) хабарлағандай, тікұшақ бір тәуліктегі екінші әскери жаттығуын орындау үшін ұшқан. Бірінші жаттығу ойдағыдай өткен. Оның айтуынша, оқыс оқиға оқу-жаттығу барысында орын алған. Тікұшақ құлап бара жатқан сәтте өртене бастаған да артынша жарылған. Ұшу алдында жүргізілген тексеру оның жарамды жағдайда болғандығын көрсеткен.

Әскери өкіл болған жағдайдың анық-қанығын анықтау үшін тексеру жүргізілетіндігін атап өтті.


Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай