Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ақмола облысында бүтін бір отбасы коронавирус жұқтырды

2020 жылдың 5 маусым 2020 11:06

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында 5 адамнан коронавирус инфекциясы табылды. Олардың барлығы бір отбасының мүшелері, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, індет жұқтырғандар - Целиноград ауданының Қараөткел кентіндегі бір үйде тұратындар. Коронавирус инфекциясы 1964 жылғы ер адам, 1991 жылғы әйел, сондай-ақ 2011, 2014 және 2019 жылғы балалардан анықталды. Бұлардың барлығы бұрын коронавирус жұқтырған адаммен жақын байланыста болған және олардан эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша сынама алынған. Науқастар Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің станционарында емделетін болады.

«Үй ошағында эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынуда. Науқастармен байланысты болған адамдары анықтау бойынша санитарлық-эпидемиологиялық шаралар жүргізілуде. Сондай-ақ, дезинфекциялау ұйымдастырылуда», - дейді ведомстводан.

Осы жағдай тіркелгенге дейін облыстың стационарларында 27 науқас болған, оның ішінде уақытша стационарда – 16, инфекциялық стационарда – 11, үй карантинінде – 482 адам оқшауланған.


Жоғары қарай