Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Дағдарысқа алғаш тап болып отырған жоқпыз – Нұрсұлтан Назарбаев

2020 жылдың 4 маусым 2020 23:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының жұмысына баға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Самұрық-Қазына» қорын дүниедегі ең үздік тәжірибеге сүйене отырып жасадық. Оның негізгі мақсаты – ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ұлттық компаниялар активтерінің бағасын көтеру болды. Қор өзінің миссиясын орындап келеді. Әсіресе соңғы жылдары, күрделі кезеңдерде экономикамыздың нақты қолдаушысы болып, зор үлес қосты. Менің тапсырмаммен «Самұрық-Қазына» қоры құрылғанда оған еліміздің ең ірі активтері енді. Бұл қадам олардың құнын қымбаттатып, кірісті арттырып, осы компаниялардағы өнім шығару көлемін көбейтті», - деді Н. Назарбаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысында.

Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша, қор барлық өнеркәсіптік және қаржылық бағытта оң нәтиже көрсетті. Былтырғы табыс көлемі – 1,2 триллион теңгені, бюджетке төлем 1,1 триллион теңгені құраған.

«Жалпы, 2018-2019 жылдары қор мемлекеттік бюджеттің кірісін салық төлемі ретінде 2,2 триллион теңгеге арттырды. Міндеттерді төлеу аясында Ұлттық қорға 460 миллиард теңге аударылды. Бұл – өте жақсы көрсеткіш. Мұнай бағасының арзандауы, жолаушылар мен жүк тасымалының азаюы, электр энергиясын жеткізудің төмендеуі қор компанияларының өндірістік және қаржылық көрсеткіштеріне кері әсер етті. Мен «Самұрық Қазына» басшылығы көтерген операциялық және әкімшілік шығындарды оңтайландыру жөніндегі бастамаларды қолдаймын. Мұның қаншалықты дұрыс әрі тиімді екенін слайдтан көрдіңіздер. Оның үстіне, бұл еліміздегі IT индустриясын жетілдіруге мүмкіндік береді», - деді Елбасы.

Тұңғыш Президенттің айтуынша, қор қомпаниялары карантиндік шектеулер алынғаннан кейін де қашықтан жұмыс істеуді жалғастыру жобаларын жүзеге асыруға кірісіп кетті. Бұл, офиске, транспорттық, техникалық жұмысшыларға төленетін және басқа да шығынды азайтуға көмектеседі.

«Қабылданған шаралар арқылы қор өндірістік бағыттағы қызметкерлерді жаппай қысқартуға жол берген жоқ. Бұл – өте маңызды. Дағдарысқа алғаш тап болып отырған жоқпыз ғой. Бұған дейін 1998 жылғы дағдарысты да, 2008-2009 жылдардағы әлемдік дағдарысты да еңсердік. Мен бүкіл компаниялардан жұмыс орнын, адамдарды сақтап қалуды сұрадым. Тіпті, қазір ақша төлемесек те, жұмыс орның сақталады десең, осының өзі – үлкен қолдау. Ол қайта оралып, компанияда жұмыс істейтінін біледі. Бұл мысалдар басқаларға да үлгі болуы тиіс. Осы тәсілді барлық жерде қолдану керек», - деді Н. Назарбаев.

«Соңғы екі жыл көлемінде қор сыртқы қарызының 8 миллиард теңгесін мерзімінен бұрын төледі. Бұл валюта курсының өзгеруіне байланысты жоғалуы мүмкін 1 триллион теңгені үнемдеуге көмектесті. Дағдарысқа қарамастан, жоғары аталған шаралар кешені Үкіметке 120 миллиард теңге көлемінде дивидент төлеуге мүмкіндік берді. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 10 есеге көп», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.



Жоғары қарай