Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

СҚО-да науқаспен байланыста болған екі адам коронавирус жұқтырды

2020 жылдың 3 маусым 2020 09:34

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда науқаспен жақын қарым-қатынаста болған екі адамнан қауіпті індет анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шұғыл штабтың мәліметінше, COVID-19 індетін жұқтырған екеу Петропавл қаласында тұрады. Ер адам - 1955, әйел – 1988 жылы туған. Олар астанада емделіп, сол жақта коронавирус жұқтырып алған 63 жастағы әйелмен жақын қарым-қатынаста болған.

COVID-19-ға тексеру нәтижесінде олардың сараптамасы оң нәтиже берді. Қауіпті вирусты жұқтырғандар Петропавлдағы бірінші қалалық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. Науқастарда аурудың клиникалық белгілері жоқ. Олармен байланыста болған 7 адам анықталды. Эпидемиологиялық тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жалпы, 2 маусымдағы жағдай бойынша СҚО аумағында COVID-19 вирусын жұқтырған 61 адам тіркелген.


Жоғары қарай