Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Brent маркалы мұнай баррелінің құны 40 доллардан асты

2020 жылдың 3 маусым 2020 08:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Brent маркалы мұнай бағасы 6 наурыздан бері алғаш рет 40 доллардан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 07.30-дағы жағдай бойынша Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасына тамыз фьючерстерінің бағасы 5,324 пайызға, яғни барреліне 40,36 долларға дейін өсті. WTI маркалы мұнайға шілдедегі фьючерстердің бағасы барреліне 6,85 пайызға, яғни 37,87 долларға дейін көбейді.

Еске сала кетейік, наурыз айында ОПЕК+ елдері мұнай өндіруді қысқарту туралы келісімнің параметрлерін өзгерту туралы да, оны ұзарту туралы да бір келісімге келе алмаған болатын. Нәтижесінде 1 сәуірден бастап бұрынғы альянсқа қатысушы елдерде мұнай өндіруге деген шектеу алынып тасталды.


Басты сөздер: Мұнай, Энергетика, Экономика,
Жоғары қарай