Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

ШҚО-да мас күйінде жаяу адамды қағып өлтіріп, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

2020 жылдың 2 маусым 2020 21:30

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданында жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп, сол жерден тайып тұрған КамАЗ жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға наурыз айының соңында Преображенка ауылындағы «Көкпекті-Васильев өткелі» тасжолының 138-ші шақырымында болған.

34 жастағы КамАЗ автокөлігінің жүргізушісі мас күйінде рөлге отырып, жаяу жүргіншіні қағып кетеді.

Осының салдарынан 46 жастағы азамат бірден жан тапсырған. Ал жүргізуші болса қылмыстық жауапкершіліктен жалтару үшін сол жерден ізін суытады.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары ер адамды қолға түсірді. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы 5-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта бірқатар сараптама тағайындалған» деп хабарлады ведомство өкілдері.


Жоғары қарай