Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Жамбыл облысында екі жүкті әйелден коронавирус табылды

2020 жылдың 2 маусым 2020 17:09

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында бір тәулікте коронавирус инфекциясының 13 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауру Шу ауданындағы бір кәсіпорынның алты жұмыскерінен табылды. Бұған дейін ондағы бір қызметкер ауырған болатын. Науқастар – 25 пен 60 жас аралығындағы Қарағанды және Алматы облыстарының тұрғындары.

Сондай-ақ, Тараз қаласында ЖРВИ белгілерімен медициналық мекемелерге жүгінген екі жүкті әйел мен екі тұрғынның да коронавирусқа талдауы оң нәтиже көрсетті.

Бұдан бөлек, Жамбыл, Рысқұлов және Байзақ аудандарының 1987, 1985 және 1999 жылы туған тұрғындарынан да аталған дерт расталған.

Барлық науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді, олармен байланыста болған тұлғалар карантинге оқшауланды. Ауру ошағында дезинфекциялық өңдеу шаралары жүргізілді.

Жалпы Жамбыл облысының аумағында 393 коронавирус инфекциясы тіркелген, оның ішінде Тараз қаласында – 222, Байзақ ауданында - 36, Жамбыл ауданында - 12, Жуалы ауданында – 1, Қордай ауданында - 48, Рысқұлов ауданында – 8, Меркі ауданында - 7, Мойынқұм ауданында - 1, Талас ауданында – 13, Шу ауданында - 13.

Сондай-ақ, «Дели - Тараз» рейсінен алты оқиға, Теңіз вахталық кентінен келген жұмысшалар арасында 26 оқиға анықталды.

Барлық дерт жұқтырғандардың 196-сы сауығып, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.


Қажы МҰРАТ


Жоғары қарай