Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ресейде коронавирустан қайтыс болғандар саны 5 мыңнан асты

2020 жылдың 2 маусым 2020 15:16

МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресейде соңғы тәулікте коронавирустан 182 адам қайтыс болған. Аурудан көз жұмғандар саны – 5037. Бұл туралы сейсенбі күні журналистерге жаңа инфекциямен күрес жөніндегі жедел штаб мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ресейде бір тәулікте анықталған коронавирус инфекцияларының саны - 8 863, бұл ретте күніне 11 108 пациент емделіп ауруханадан шықты. Деректерге сәйкес, бір тәулікте сауығып шыққан пациенттердің саны жаңадан анықталған жағдайлардың санынан 25% жоғары.

Ресейде барлығы 423 741 адам коронавирус жұқтырған, оның 186 985-і (44%) емделіп шықты.

Коронавирус жұқтырудың 732 жаңа жағдайы - Мәскеу облысында, 376-сы –Санкт Петербургте, 354-і – Нижегород облысында, 292-сі – Свердлов және 253-і – Ростов облыстарында тіркелген.

Ел астанасында барлығы 185 354 адам вирус жұқтырған, 88 269 пациент емделіп шықса, 2625 науқас қайтыс болған.


Басты сөздер: Коронавирус, Ресей,
Жоғары қарай