Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 33 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

ШҚО-да санитарлық нормаларды сақтамаған 300-ден астам нысан анықталды

2020 жылдың 1 маусым 2020 15:41

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында арнайы құрылған мобильді топтар карантин шектеуі жеңілдетілгеннен кейін жұмысын қайта бастаған нысандарда санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарының сақталуын тексеріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 18-31 мамыр аралығында Өскемен мен Семей қалаларындағы және облыстың 17 ауданындағы 1 722 объектіге рейд жүргізілген. Оның ішінде 737 дүкен, 583 азық түліктік емес сауда орны, 145 дәмхана, 98 сауда үйі, 39 шаштараз, 27 дәріхана қамтылды. Сонымен қатар тексеру кезінде 51 нысанның жұмыс істемей тұрғандығы анықталған.

«336 объектіде 435 заңбұзушылық анықталды. Нақты айтқанда, санитарлық-дезинфекциялық режимнің бұзылуы – 144, келушілер арасындағы әлеуметтік қашықтықтың бұзылуы – 53, маска режимін бұзу және жеке қорғаныс құралдарының жоқтығы – 12», - делінген хабарламада.

Әуелі барлық кәсіп иелеріне ескерту жасалып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қайта тексеру барысында барлық кемшіліктің түзетілгені белгілі болды.


Жоғары қарай