Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

СҚО-да коронавирус анықталған бес адамның төртеуі Ресейден келген

2020 жылдың 1 маусым 2020 09:04

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус инфекциясы анықталған бес адамның төртеуі — Ресейден келгендер, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шұғыл штабтың мәліметінше, COVID-19 жұқтырған 48, 36 және 29 жастағы ер адамдар Ресейдің Омбы қаласында вахталық әдіспен жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары. Төртіншісі - 32 жастағы ел азаматы Ресейдің Рубцовск қаласынан келген, жүк тасымалдаушы болып жұмыс істейді.

Ер адамдарда КВИ клиникалық белгілері байқалмайды. Келген соң COVID-19-ға тексеріліп, карантиндік стационарға жатқызылды.

Сондай-ақ, ПЦР талдау нәтижелері бойынша коронавирустық инфекция 1988 жылы туған ер адамда расталды. Ер адам ауру жұқтырған науқаспен жақын қарым-қатынаста болған. COVID-19-ға оң нәтижелер алғаннан кейін науқастар Петропавлдағы қалалық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызылды. Эпидемиологиялық тексеру жалғасуда.

31 мамырдағы жағдай бойынша СҚО аумағында қауіпті індетті жұқтырғандар саны 59 адамға жетті.


Жоғары қарай