Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

14 жасқа дейінгі балалар Қазақстан ішінде ұшақпен тегін қатынайды

2020 жылдың 29 мамыр 2020 15:04

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 14 жасқа дейінгі балалар Қазақстан ішінде ұшақпен тегін ұшуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Иә, ата-аналарымен бірге ел ішінде саяхаттайтын 14 жасқа дейінгі және 14 жасқа толған балалар ұшақпен тегін қатынай алады. Бұл ретте ата-аналардың біреуі тек 2 баланы ғана тегін алып жүре алады. Шетелдіктер балаларға мұндай жеңілдік жүрмейді. Бұл тек қазақстандықтарға ғана қатысты», - деді ҚР Спорт және мәдениет министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рысбеков.


Жоғары қарай