Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Күдікке ілінген ауыл әкімі жердің құнын 400 мың теңгеге бағалаған

2020 жылдың 28 мамыр 2020 12:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысына қарасты Жамбыл ауылдық округінің әкімі пара алу күдігіне ілінді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Түркістан облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Келес ауданы Жамбыл ауылдық округінің әкіміне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол жер телімін беру туралы оң шешім қабылдағаны үшін 400 мың теңге мөлшерде пара алу күдігіне ілініп отыр», - деді ол агенттік өткізген онлайн брифинг барысында.

Тергеушінің атап өтуінше, жеделдетілген сот ісін жүргізу өтініші берілуіне байланысты процессуалдық қамауға алу қолданылған жоқ. Тергеу жалғасуда. Күдіктіге қатысты соңғы үкімді оның кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, сот шығарады.


Жоғары қарай