Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

COVID-19 инфекциясының барына күмән келтіргендер көшеде қыдырып жүр – Өмірзақ Шөкеев

2020 жылдың 27 мамыр 2020 17:25

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында бүгінгі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі 8 маусымға дейін ұзартылып, өңірде бірқатар шектеулер сақталатын болды. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев онлайн-брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ басшысының сөзінше, дәрігерлер қауымы күн-түн демей вирусты жеңу жолында еңбек етуде.

«Облыс аумағында да 300-ден аса адам ауырып, дәрігерлердің арқасында 180-ге жуық науқас дертінен жазылып отбасына оралды. Өкінішке қарай, COVID-19 инфекциясының барына күмән келтіретін адамдар көшеде қыдырып, туған-туысының үйіне баруда. Балалар аулаларда бірге ойнап, бір-бірімен тығыз байланыста жүр. Бұл дұрыс емес. Аталған вирус қазір облыс көлемінде, әр ауданда кеңінен тарап барады. Алдын алмасақ, салдары жаман болмақ. Балаларға жұққан ауру оның бойында білінбегенмен, үлкен қарияларға жұқса, оларға өте ауыр тиеді. Отбасымыздың, туған-туыстың, ата-анамыздың амандығын ойласақ әлі де карантин режимін сақтауымыз қажет. Карантин талаптарын сақтамағандарға айыппұл салынады. Құқық қорғау органдарына арнайы жиналыс жасап, тапсырдым. Заңға бағынбаған кәсіпкерлерге жаза қолдану керек», деді Өмірзақ Шөкеев.








Атап өтейік, соңғы ақпаратқа сәйкес, облыста коронавирустық инфекцияның расталған 337 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 187 адам қазіргі таңда ауруынан айығып, үйлеріне оралған.





Жоғары қарай