Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Атырауда коронавируспен күреске 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды

2020 жылдың 27 мамыр 2020 01:52

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда коронавируспен күреске 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы бүгін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов онлайн брифингте мәлім етті.

«Коронавирус инфекциясымен күреске республикалық бюджеттен 500 млн теңге бөлінді. Шамамен осынша көлемдегі қаржы жергілікті бюджеттен де қаралды. Бұл қаражат мақсатты түрде жұмсалды», - деді облыс әкімі.

Әкімнің айтуынша, демеушілер, кәсіпкерлер сондай-ақ, кәсіпорындар мен компаниялар да көмек көрсеткен. Демеушілік қолдаудың нәтижесінде қажетті медициналық құрал-жабдық, жеке қорғаныс құралдары, дәрі-дәрмек сатып алынған.

«Қонақ үйде жатып жұмыс істеген медицина қызметкерлері, карантинде жатқан азаматтар үшін жатын орынның ақысы төленді. Уақытылы тамақтандыру ұйымдастырылды. Бастапқыда 180 инфекциялық орын жасақталса, қазір ол 540 орынға дейін көбейтілді. Сондай-ақ, 300-ден асатын провизорлық орын, 2000-нан астам карантиндік орын жасақталды», - деп атап өтті Махамбет Досмұхамбетов.

Жоғары қарай