Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Батыс Қазақстаннан Мақтааралға 12 тонна гуманитарлық жүк жөнелтілді

2020 жылдың 27 мамыр 2020 00:55

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге жалпы салмағы 12 тонна гуманитарлық жүк жөнелтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО Қазақстан халқы ассамблеясы мәлім еткендей, жүк көлігі Орал қаласындағы Достық үйінің ғимараты алдынан жолға шықты.

Батыс Қазақстан этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, облыс кәсіпкерлері мен БҚО ҚХА еріктілері азық-түлік, құрылыс материалдары, киім-кешек, күнделікті және басқа қажетті тауарларды жинап берді.

Соның ішінде армян, татар, ұйғыр, әзірбайжан, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталықтары, сондай-ақ «BIRLIK» еріктілер тобы, «Достық» қазақ-вайнах клубы, «UralskRunners» әуесқой жүгірушілер клубы, «Patriot» спорт клубы, «Қадырғалиев Т.А.» жеке кәсіпкерлігі сүбелі үлес қосты.

«Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясынан Мақтаарал тұрғындарына гуманитарлық көмек» деген сөздер жазылған баннерде ҚХА мен Орал қаласының логотипі де бар.

«Ассамблея мүшелері, этномәдени бірлестіктер, жеке кәсіпкерлер осылайша Мақтааралға қолұшын создық. Кезінде Батыс Қазақстан облысында да су тасқыны болған кезде барша ел көмектесіп еді. Енді мұндай апат болмаса екен. Біз қиын шақта да біргеміз. Қай кезде де бірлігімізді ту етіп, қайырымдылық, мейірімділікті ұмытпауға тиістіміз. Осындай істі кейінгі жас ұрпақ та жалғастырады деп сенеміз», деді «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы, БҚО ҚХА төрағасының орынбасары Данильбек Саратов.



















Фото: Рафхат Халелов



Жоғары қарай