Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қапшағай қаласының бұрынғы әкімі Сарқан ауданына әкім болып тағайындалды

2020 жылдың 26 мамыр 2020 20:12

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы әкімінің өкімімен Талғат Қанатұлы Қайнарбеков Сарқан ауданының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Талғат Қайнарбеков 1969 жылы туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тарих және қосымша мемлекеттік құқық пәнінің оқытушысы, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін экономист, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Сарқан ауданы Көкөзек орта мектебінде мұғалім болып бастады.

Әр жылдарда Сарқан ауданы Қарғалы орта мектебінде тарих және мемлекеттік құқық пәнінің мұғалімі, Алматы қаласында «Эльдорадо» ЖШС менеджері, Талдықорған қаласы әкімі аппараты өнеркәсіп, көлік және байланыс бөлімінің бастығы, Көксу ауданы әкімінің орынбасары, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары, Текелі қаласының әкімі болды.

2016 жылдың қарашасынан 2020 жылдың мамыр айының 25-і күніне дейін Қапшағай қаласының әкімі қызметін атқарды.

Ал Қапшағай қаласына 2016 жылдың ақпанынан осы уақытқа дейін Іле ауданы əкімінің орынбасары қызметін атқарған Нұрлан Құматаев әкім болып тағайындалды.

Айта кетейік, Алматы облысы әкімінің өкімімен Марат Мелісұлы Разбеков өз өтініші бойынша Сарқан ауданының әкімі лауазымынан босатылды.


Жоғары қарай