Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Елбасы Түркия Президентімен телефон арқылы сөйлесті

2020 жылдың 26 мамыр 2020 14:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы ҚазАқпарат elbasy.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Тараптар бірін-бірі Ораза айт мерекесімен құттықтап, зор денсаулық пен толағай табыс, ал бауырлас Қазақстан мен Түркия халықтарына бақ-береке тіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Режеп Тайип Ердоған әлемдегі коронавирус пандемиясы жағдайын талқылап, бұл жаһандық дағдарысты сәтті еңсеру үшін халықаралық күш-жігерді біріктіруді қолдады.

Әңгіме соңында тараптар екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және кеңейтуге қызығушылық білдірді.

Телефон арқылы сөйлесуге Түркия тарапы бастамашы болды.


Жоғары қарай