Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Елордада екі жаңа көпір ашылады

2020 жылдың 25 мамыр 2020 01:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада биыл көліктер қатынай алатын екі көпірдің құрылысы аяқталады. Бұл қаланың көлік желісін едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Есіл өзені арқылы өтетін көпір құрылысы барысымен танысты. Бұл құрылыс биыл аяқталады. Оң және сол жағалауды қосатын көпір (Есіл өзені арқылы) Мәңгілік Ел даңғылы, Ж. Нәжімеденов, А. Байтұрсынов, Р. Қошқарбаев көшелеріндегі, Нова сити кешеніндегі, «Мыңжылдық» аллеясындағы шамадан тыс жүктемені азайтуға, жаңа «Нұрлы жол» вокзалының қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

«Сондай-ақ биыл Нұра – Есіл арнасы арқылы Ұлы Дала даңғылындағы көпірдің құрылысы аяқталады. Сонымен бірге Есіл өзені арқылы Тәуелсіздік даңғылында жаңа ванттық көпірді салуды жоспарлап отырмыз», - дейді қала әкімі.

Сонымен қатар, елордада жол жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл жалпы ұзындығы 100 км болатын 150 көше жөнделіп, кейбіреуі жаңадан салынады.
Басты сөздер: Көлік, Құрылыс, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай