Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Синоптиктер еліміз қалаларындағы ауа сапасы туралы айтты

2020 жылдың 25 мамыр 2020 05:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы 25 мамыр күнгі ауа сапасы туралы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, 25 мамырда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларында күтіледі.

Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал және Өскеменде метеорологиялық ахуал қалыпты болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Жоғары қарай