Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Батыс Қазақстан облысында көліктің өртенуі жиілеп кетті

2020 жылдың 23 мамыр 2020 09:51

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында автокөліктің өртенуі жиілеп кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бастығы Ерлан Төрегелдиевтің айтуынша, биыл автокөліктің өртенуі жиілеп отыр. Өткен жылы осы мерзімде 24 автокөлік жалынға шарпылса, биыл оның саны 28-ге жеткен. Ал тұрғын үй секторында жыл басынан бері 117 (өткен жылы осы мерзімде - 136) өрт болды.








Департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 22 мамыр күні Ақжайық ауданы Алмалы ауылында «Фольксваген Пассат» автокөлігінің мотор бөлігі өртенген. Бұл туралы сағат 11.55-те хабар түскен. Оқиға орнына өрт сөндірушілер барған жоқ.

Сол сияқты кеше Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылында ешкім тұрмайтын үй (иесі бар) өртенді. Тасмағамбетов көшесіндегі 4А-үй өртеніп 42 шаршы метрді қамтыды. №23 өрт сөндіру бөлімінің күшімен (4 адам, 1 техника) «тілсіз жау» сағат 10.50-де оқшауланып, 11.35-те ауыздықталды.

Қазіргі кезде екі өрттің шығу себебі, келтірілген шығын, кінәлі адамдар анықталу үстінде.








Жоғары қарай