Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Жұмыссыз мәртебесін алу үшін тіркелу жеңілдетіледі

2020 жылдың 19 мамыр 2020 10:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жұмыссыз мәртебесін алу үшін тіркеуді оңайлату шаралары қабылданады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында еліміздің экономикасын қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды таныстырған ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еңбек нарығындағы жағдайды жедел жақсарту мақсатында жұмыссыз мәртебесін алу үшін тіркеуді оңайлату шаралары қабылданады. Жұмыспен қамту жол картасын іске асыру кезінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты тартуға және шағын және орта бизнесті кеңейтуге баса назар аударылады», - деді министр.

Оның атап өтуінше, білім беруде қашықтан оқыту әдістемесі жетілдіріледі. Оқулықтар мен әдістемелік құралдар цифрлық форматта қолжетімді болады.

«Денсаулық сақтау саласында шаралар азаматтардың денсаулығын сақтауға және қорғауға бағытталған. Осы жылдың соңына дейін Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі кеңес құрылады. Оған беделді ғалымдар мен сарапшыларды тартылады. Ұлттық санитарлық-эпидемиологиялық қызметті күшейту бойынша шаралар қабылданады. Бұл - материалдық-техникалық базаны нығайту», - деді Руслан Дәленов.



Жоғары қарай