Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Шымкентте мұнай зауытының 96 жұмысшысы коронавирус жұқтырды

2020 жылдың 18 мамыр 2020 16:00

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытының жұмысшылары жаппай коронавирус жұқтырған. Бұл туралы бүгін қаланың бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев айтты, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаланың бас санитарының айтуынша «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» компаниясында қауіпті індет таралу жағдайы 7 мамырдан бастап анықталған.

Бұл ретте компанияның 654 қызметкері жоспарлы тестілеуден өткізіліп, нәтижесінде 137 жағдай анықталды.

«7 мамыр күні осы зауыттың екі жұмысшысы науқастанып, жұқпалы аурулар ауруханасына түскен. Олардан алынған сынама қортындысы короновирус жұқтырғанын растаған. Петро Казахстан» ЖШС-нің аумағында скрининг тексерулер жүргізіліп, 137 жағдай анықталған. Оның ішінде 96 серіктестік қызметкерлері, 12 қосалқы мекеме қызметкерлері арасында болса, 29-ы жақын қарым қатынаста болған азаматтар», - деді Әбдіманап Төлебаев.

Ал, қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр зауыт жұмысы туралы айтты айтты.

«Мұнай өңдеу зауытына қарасты жатақхана карантинге жабылды. Қауіпті індет анықталған адамдардың барлығы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына, карантиндік стационарларға жатқызылды. Зауыттың жұмысы қазіргі кезде қалыпты жағдайда істеп тұр. Оған басқа жұмысшылар қосымша тартылды»,- деді Ербол Садыр.








Жоғары қарай