Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбылда су шаруашылығы саласындағы 310 нысан қайта жаңғыртылады

2020 жылдың 17 мамыр 2020 20:41

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында жалпы құны 24,7 млрд теңге болатын су шаруашылығы және су бұру жүйелерінің 310 нысаны қайта жаңартылатын болады. Ол Еуропалық қайта құру және даму банкінің несиесі негізінде жүзеге аспақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келген ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевпен бірге өңірдегі су шаруашылығы саласында жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты.


Айта кетейік, бұған өңірде суармалы алқаптардың аумағын 200 мың гектарға дейін ұлғайту міндеті қойылған болатын. Бүгінгі таңда оның көлемі 110 мың гектарды құрайды. Ал, суару жүйелерін қалпына келтіру жұмыстарынан соң бұл көрсеткіш кем дегенде 180 мың гектарға дейін артады деп күтілуде.


Министр Жамбыл ауданындағы Раис, Исмаил магистральды каналына байланған су жүйелеріндегі жүргізіліп жатқан қалпына келтіру жұмыстарын көзбен көрді.

«Қазсушар» РМК филиалының басшысы Қазыбек Бедебаев мәселелер қатарында Қарақоңыз су қоймасының сыйымдылығын 8,5 миллион текше метрден 18,5 миллионға дейін ұлғайту, Жасөркен ауылындағы гидрологиялық бекеттің нашар жағдайы, «Химпарк Тараз»ЖШС-нің тірек құрылысын жөндеу қажеттігін атап өтті.


- Каналдарды жөндеуден басқа құдықтар қазу ісі де өзекті. Мүмкін болса, барлық қолданыстағы каналдарды бетондау қажет. Бұл аздап қымбатқа түскенімен, бірақ ол ұзақ шыдас береді және су шығынын айтарлықтай азайтады, - деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев ел Президентінің алдағы 10 жылда суармалы жерлердің аумағын 1,6 миллионнан үш миллион гектарға дейін ұлғайту туралы тапсырмасы бар екенін атап өтті.

Су мәселесінде тәуелділікті азайту үшін жаңа су қоймаларын құрудың маңыздылығы айтпасақ та түсінікті. Осы орайда Талас пен Байзақ аудандарының шекарасында сыйымдылығы 11 миллион текше метр болатын Ақмола су қоймасын салу жоспарлануда. Жоба құны - 4,8 млрд. теңге. Жобаның мақсаты – Темірбек станциясының астындағы Талас өзенінің бо


йындағы жерлерді суару үшін кепілді сумен қамтамасыз ету.

Облыс әкімі қолайлы табиғи ландшафтты ескере отырып, мұнда 500 миллион текше метрге дейін ылғал жинау мүмкін екендігін ескеріп өтті. Мағзұм Мырзағалиев жобаны қолдап, министрлік тарапынан қолдау көрсетілетіндігін жеткізді.


Автор Қажы Мұрат
Басты сөздер: Жамбыл облысы, Экология,
Жоғары қарай