Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда жер сілкінді

2020 жылдың 9 мамыр 2020 23:02

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы маңында жер сілкінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

«ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 9 мамыр сағат 21-36-де жер сілкінісін тіркеді.

«Зілзаланың ошағы Алматы қаласының оңтүстігіне қарай 291 км қашықтықта Қытай аумағында болған. Зілзаланың энергетикалық қуаты 12.8. Магнитудасы MPV 4.9. Тереңдігі 5 км. Алматыда сезілу деңгейі 2-3 балл болды»,-деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті.

Полиция департаментінің Жедел әрекет ету орталығының мәліметтерінше, полиция қызметкерлері өздеріне берілген бөліктерді патрульдеу барысында ешқандай күдікті әрекеттерді байқамаған. Тұрғындардан «112» и «101» нөмірлеріне ешкім қоңырау шалмаған.

«Қазселденқорғау» қызметкерлерінің хабарлауынша, гиротехникалық құрылғыладан бұзылу, шөгу, жарылу сияқты өзге де төтенше жағдайлар байқалмаған. Өзен сағаларында судың лайлану деңгейі де қалыпты деңгейде өтіп жатыр.

Еламан Тұрысбеков


Жоғары қарай