Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Президент Мақтааралдағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырды

2020 жылдың 2 мамыр 2020 12:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өзбекстандағы су қоймасы бөгетінің бұзылу салдарынан Түркістан облысының Жеңіс және Жаңатұрмыс ауылдарын су басты. Бүгін Премьер-министр Асқар Мамин мен облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ауыл тұрғындарын эвакуациялау бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады. Зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетуді тапсырдым», - деп жазады Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, 1 мамырда Сардоба су қоймасы бөгетін су шайып кетуіне байланысты Өзбекстанның Сырдария облысындағы елдімекенді су басты.

Соның салдарынан Мақтаарал ауданында шекара маңындағы бірнеше коллектор суға толып қалған. Мақтааралдағы орталық коллектордан су сыртқа жайылып, Жеңіс, Жаңатұрмыс ауылдарын су алып кетті. Облыстық маңызы бар «Мырзакент - Жеңіс - Жаңа тұрмыс» автомобиль жолын су басып, көлік жүре алмауда. Төрт ауылдан 5400 адам қауіпсіз жерге көшірілген.

Сондай-ақ Түркістан облысында су тасқыны қаупі төнген 3 ауылдың халқы эвакуацияланып жатыр. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев халықты сабырға шақырып, төтенше жағдайды реттеуге аймақтың толық мүмкіндігі бар екенін айтты.



Жоғары қарай