Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ақтөбелік әйел індет жұқтырғандар туралы жалған ақпарат таратқаны үшін жазаланды

2020 жылдың 25 сәуір 2020 13:02

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - 56 жастағы ақтөбелік карантин кезінде жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полицейлер 56 жастағы әйелді ұстады. Ол қаладағы қоғамдық тасымалдау компаниясында жұмыс істейді. WhatsApp мессенджерінде жалған ақпарат таратқан.

«Аудио жазбада әйел Ресейден Ақтөбеге 500 адамды автобуспен әкелгені, тағы бір топ студент келетінін айтқан. Індет жұқтырғандар саны статистика бойынша әлдеқайда көп және ауруханалар толды деген ақпарат таратқан. Алайда бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Айта кетейік, ҚР ӘҚБтК-нің 478-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 40 АЕК көлемінде айыппұл салды. Ақтөбе облыстық полиция департаменті жалған ақпарат таратпай, тек ресми дерек көздеріне сенуді сұрайды.


Жоғары қарай