Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Коронавирус: «Шапағат» орталығындағы екі қарт ауыр халде жатыр

2020 жылдың 15 сәуір 2020 21:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева «Шапағат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы инфекция жұқтыру жағдайы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін Ақмола облысындағы «Шапағат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы коронавирус инфекциясы табылғаны хабарланған еді.

«Орталық қамқорлығында 147 қарт және 74 қызметкер болған. Онда коронавирус инфекциясы шығып, 3 адам қайтыс болған соң, байланыста болған 221 адам анықталды. Оның 147-і - қарттар, 74-і — қызметкерлер», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Барлығына полимеразды-тізбекті реакция әдісімен коронавирус инфекциясын тексеру жүргізілген. Нәтижесінде, 38 қарт пен 3 қызметкерден инфекция табылған.

«Инфекция анықталған адамдар Нұр-Сұлтан қаласы (8) мен Аршалы (27) аудандық ауруханасына жатқызылды. Қызметкерлердің екеуі Көкшетауда, біреуі - Нұр-Сұлтанда емделіп жатыр. Екі қарт ауыр халде жатыр, оның бірі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған және екіншісіне оттегі беретін құрылғы тағылды»,- дейді Л. Ақтаева.

Оның айтуынша, қалған науқастардың да ауыр жағдайы олардың негізгі ауруына байланысты болып отыр. Мәселен, 51 науқас бұған дейін де арбада отырған.

«Эпидемиялық тергеу жүргізіліп, ауру ошағы анықталды. Ол - орталықтың қызметкері. Орталықтағы барлық адам карантинге немесе стационарларға жіберіліп, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді», - деді Ләззат Ақтаева.


Жоғары қарай