Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Мақтааралда мас адам блокпостта тұрған полицейге бағынбай, ұрып-соққан

2020 жылдың 10 сәуір 2020 13:19

МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат - Мақтааралда ауыл тұрғыны блокпосттағы полицейге бағынбай, күш көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Мақтааралдағы блокпостта полицейлер мен медицина қызметкерлері күшейтілген режимде тәулік бойы қызмет атқарып жүр. Осындай кезекті жұмыс күні Мақтаарал ауданы Атакент кентіне қойылған блокпостта өз мiндетiн атқарып тұрған полиция қызметкеріне жергілікті мас тұрғын келген.

«Ол полиция қызметкерінің тыйым салынған аумаққа кіруге болмайтыны туралы ескертуіне құлақ аспаған. Аталған тұрғын тәртіп сақшысының заңды талабына бағынбай, көпшіліктің көзінше жария түрде, ар-намысына тиетін балағат сөздер айтып қорлаған және қызметтік міндетін атқарып тұрғанына қарамастан кеуде тұсынан қолымен ұрып-соғып, дене жарақатын салған» деп хабарлайды полиция.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 380-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тұрғын қамауға алынды.



Жоғары қарай