Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Әлемнің 167 елі қашықтан білім беруге көшті

2020 жылдың 6 сәуір 2020 19:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жазда балалар әдеттегідей демалысқа шығады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар орталығында «Төтенше жағдай кезінде қашықтан оқытудың жаңа форматтары» тақырыбында өткен онлайн брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта балалар мектептерін, ұстаздарын сағынып жүргенін көріп отырмыз. Жалпы еліміз бойынша ұстаздардың орны, ұстаздардың қадірі қатты білініп жатыр. Біраз уақыттан кейін бұл да аяқталып, дәстүрлі режимге ораламыз», - дейді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Министр әлемде қанша мемлекет қашықтан оқуға көшкенін айтты.

«Әлемнің 167 елі, соның ішінде Қазақстан Республикасы да қашықтан білім беруге көшті. Қазақстанда оқу процесі кейінге, атап айтқанда, жаз мезгіліне шегерілмейді. Жазда балалар әдеттегідей демалысқа шығады», - деп атап өтті министр.


Жоғары қарай