Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Бүгін білім беру платформаларында техникалық ақаулар болды – министр

2020 жылдың 6 сәуір 2020 18:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 32 миллион сессия болғаннан кейін техникалық кемшіліктер болды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар орталығында «Төтенше жағдай кезінде қашықтықтан оқытудың жаңа форматтары» тақырыбында өткен онлайн брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұстаздар мен оқушыларға танымал платформалардың бірі – Bilimland.kz. Осы платформада бүгін 400 мыңнан астам оқушы жұмыс істеді. Бұл платформа арқылы оқу жоспары шеңберінде тиісті сұрақтар беріледі және қателермен жұмыс істейді. Одан кейін қайтадан үш деңгейлі тапсырмалар беріледі. Керек болса астында форумдар болып, мұғалімдер ол жерде тапсырмаларын бере алады», - дейді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Ол платформаларда техникалық ақаулар болғанын да айтты.

«Екі рет ақау болып, екі рет те тиісті жұмыстарды жүргіздік. 32 миллион сессия болғаннан кейін мәселелер туындады, бірақ ол мәселелер шешілді. Бұл платформа күні бойы да, қазір де жұмыс істеп тұр. Техникалық мәселелер бойынша әріптестеріміздің жұмысын көріп отырмыз. Бұл бағыттарда үлкен ауқымды, маңызды жұмыстар жасалды. Соның нәтижесін бүгін көріп отырмыз. Техникалық ақауларға қарамастан оқушылар аталған палтформалар бойынша жұмыс істеулеріне мүмкіндік болды. Күні-түні жұмыс істеген әріптестерімізге Білім және ғылым министрілігі атынан үлкен алғысымды айтқым келеді», - дейді ол.


Жоғары қарай