Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Коронавирус: Британдық дәрігерлер алдымен кімді құтқару керектігі туралы нұсқау алды

2020 жылдың 2 сәуір 2020 17:00

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Ұлыбританияның медициналық қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырған пациенттер көп болған жағдайда бірінші кезекте кімді құтқару керектігі туралы нұсқау алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Guardian газетіне сілтеме жасап.

Британдық медициналық қауымдастық дәрігерлер үшін нұсқаулық дайындады, оған сәйкес өмір сүру мүмкіндігі төмен егде адамдарға жасанды тыныс алу аппаратын беруден бас тартуы мүмкін, өйткені ол аппаратты жас және денсаулығы жақсы пациенттер үшін пайдаланады.

Құжатта дәрігерлер ұлттық денсаулық сақтау жүйесі пациенттер көп болған кезде олардың өмірін сақтап қалу үшін интенсивті терапияның шектеулі ресурстарына байланысты ауыр шешім қабылдауға мәжбүр болады деп түсіндірілген.

Бірінші кезекте қарт адамдарға және созылмалы аурулары бар науқастарға қарқынды терапиядан бас тартуға болады. Олардың тізімі көрсетілмеген, басылымның болжауынша, олар қант диабеті, жүрек ауру, бүйрек ауру мен созылмалы өкпе ауруымен ауыратын науқастар.

Ауыр этикалық дилеммаға тап болған Ұлыбританияның 240 мың дәрігеріне көмек көрсетуге арналған нұсқаулықта Денсаулық сақтау, коммуналдық қызметтер және телекоммуникация сияқты тұрмыстық маңызды салаларда жұмыс істейтін пациенттер қарқынды терапия бөлімшелеріне орналастыру кезінде басымдыққа ие болады деп айтылған.

Айта кетейік, британдық Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми дерегіне сәйкес 1 сәуірдегі жағдай бойынша Ұлыбританияда 29 474 адам коронавирус жұқтырған, оның 2 352-сі қайтыс болған.


Автор Аяулым Алтынбек
Басты сөздер: Әлем, Коронавирус,
Жоғары қарай