Ауа райы
Астана 31 °С
Алматы 33 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Атырау облысында қолғап кимеген дүкен иесі 3 күнге қамалды

2020 жылдың 2 сәуір 2020 05:47

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында қолғап кимеген кәсіпкер 3 күнге қамалды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Мобильді топ арнайы рейд барысында Исатай ауданының Аққыстау селосында төтенше жағдай талабы бұзылғаны анықталды. Мұнда азық-түлік дүкені бар кәсіпкер бір реттік қолғапты кимей, келушілерге қызмет көрсеткен. Осылайша, төтенше жағдай кезіндегі санитарлық-эпидемиологиялық шараның талабын бұзған. Құқық қорғау органдарының өкілдері кәсіпкерге қатысты хаттама толтырып, сотқа жолдады» -деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Исатай аудандық соты бұл істі 30 наурызда онлайн режимде қарады. Сот кәсіпкерді кінәлі деп танып, оған ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 476-бабының 6-тармағымен 3 күнге қамауға алу түріндегі жаза тағайындады.


Жоғары қарай