Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Атырауда төтенше жағдай режимін бұзған 38 адам жауапқа тартылды

2020 жылдың 31 наурыз 2020 14:01

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында төтенше жағдай режимін бұзған 38 адам жауапқа тартылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Облыс прокуратурасымен төтенше жағдай талаптарының орындалуын қамтамасыз ету үшін мобильді топ құрылды. Оның жұмысының нәтижесінде режимді бұзғаны үшін 38 тұлға жауапқа тартылды. Соның ішінде 5 кәсіпкер әкімшілік қамауға алынды. Олар –«Хан­шайым», «Нәрлі» мейрамханаларының, «Аман­жан» дәмханасының, «Финбет» букмекерлік кеңсесінің иелері мен «Ямато» суши-барының әкімшісі» - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде көрінеу жалған ақпараттар (тұрғындардың коронавируспен ауыратыны туралы) тарату (Қылмыстық Кодекстің 274-бабы), жеке және отбасылық құпияны құрайтын мәліметтерді (коронавирусқа ұшыраған 3 тұлғаның аты-жөндері) тарату (Қылмыстық Кодекстің 147-бабы) фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.


Жоғары қарай