Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Ақтөбе облысында коронавирус жұқтырудың жаңа оқиғасы туралы

2020 жылдың 31 наурыз 2020 11:56

2020 жылғы 31-наурызда Ақтөбе облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған үшінші жағдай тіркелді. Пациент Египетте демалып келген ақтөбелік. Транзитпен Алматыдан Ақтөбеге ұшып келіп, үй карантинінде болған. Денсаулығы нашарлағасын медицина мекемесіне хабарласқан ол дереу карантин госпиталіне оқшауланып, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.

Науқаспен қарым-қатынаста болған барлық адамдарды оқшаулау шаралары жүргізіліп, жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды, сынамалар алынды, тұратын үйіне дезинфекция жасалды. Қазіргі уақытта пациенттің жағдайы қанағаттанарлық. Тиісті хаттамаға сәйкес, емдік шаралар жасалынуда.


Басты сөздер:
Жоғары қарай