Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 411.66
EUR 465.92
RUB 5.81
CNY 58.79

Алматы облысында Өзбекстаннан тойдан келген әйелден коронавирус анықталды

2020 жылдың 30 наурыз 2020 00:19

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында коронавирус диагнозымен тағы 2 адам тіркелді. Олар Қарасай және Еңбекшіқазақ ауданында анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бірінші жағдайда инфекция Қарасай ауданы Кемертоған ауылында тұратын 41 жастағы әйелден анықталды. Ол Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасына жатқызылды. Онымен қарым-қатынаста болған 6 адам, соның ішінде өзінің күйеуі мен 2020 жылы туған сәбиі карантинге алынды.

Екінші жағдайда ағайын-туыстар Өзбекстанға үйлену тойына өз шағын автобустарымен барған. 14 адамның Өзбекстаннан келгені туралы мәліметтерді Түркістан облысындағы санитарлық-эпидемиологиялық мамандар хабарлап, облысқа келген бетте олар провизорлық стационарға жатқызылған. Соның ішінде 60 жастағы әйелден вирус анықталды. Қазір ол Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасына жатқызылды, ал қарым-қатынаста болған өзгелері карантинде.

Жалпы, 29 наурыздағы жағдай бойынша Алматы облысында індетке шалдыққандар саны – 6.

Жоғары қарай