Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қосшы ауылында тұратын ер адамнан коронавирус анықталды

2020 жылдың 29 наурыз 2020 12:25

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – 29 наурызда Ақмола облысында коронавирус жұқтырудың 6 оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат www.coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

28 наурызда коронавирус 1953 жылғы ер адамнан анықталды. Қосшы ауылында тұратын ол бұған дейін ауру адаммен тығыз байланыста болғандықтан, «Көкше» облыстық оңалту орталығының карантиндік стационарында жатқан.

Емдеу шаралары науқастардың ауру белгілері және жалпы жағдайын ескеріліп, тиісті хаттамаға сәйкес жүргізіледі.

Қазіргі кезде облыстағы стационарларда 92 пациент жатыр.

Инфекциондық – 4 пациент (АОПТД).

провизорлық - 39 пациент.

Карантиндік стационарларда 49 адам.

Жалпы 434 адам бақылауда


Жоғары қарай