Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Атырауға Ыстанбұлдан ұшып келген бортта 12 өңірдің тұрғындары болған

2020 жылдың 29 наурыз 2020 00:51

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда Ыстанбұлдан ұшып келген жолаушылар туралы айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«27 наурыз күні Атырау халықаралық әуежайына Ыстанбұлдан чартерлік рейс келіп қонды. Оның бортында 63 адам болды, оның ішінде экипаж мүшелері - 6. Коронавирус анықталған 1989 жылғы жолаушымен бірге Қазақстанның әр облысының тұрғындары болған.

Атап айтқанда, 57 жолаушы ішінде Атырау облысынан - 30, Көкшетаудан - 3, Оралдан - 7, Қостанайдан - 2, Ақтөбеден - 3, Шымкенттен - 5, Қызылордадан - 1, Нұр-Сұлтаннан - 1, Қарағандыдан - 1, Жамбыл облысынан - 2, Тараздан - 1, Ақтаудан 1 жолаушы болды», - делінген Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінде.

Қазіргі уақытта елге оралғандардың барлығы карантинде. Олардан коронавирустың бар-жоқтығын анықтайтын сынама алынған. Нәтижесі жақында белгілі болады.

Вирус жұқтырған әйел облыстық №2 ауруханаға жатқызылды.

Жоғары қарай