Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Атырау облысында медбике коронавирус жұқтырды

2020 жылдың 28 наурыз 2020 22:43

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 5-жағдайы анықталды. Ол қалалық емхананың қызметкері, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, медбике 17 наурызда «Алматы-Атырау» рейсімен келген қыздан анализге қан алған. Бүгін медицина маманына жасалған тесттің қорытындысы шықты, одан коронавирус инфекциясы табылды.
«Қазіргі уақытта ауру жұқтырған науқаспен байланыста болған 27 адам анықталды. Олардың барлығы оқшауланып, карантинге орналастырылды», - делінген ақпаратта.


Жоғары қарай