Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанай облысының әр ауданында бақылау бекеттері қойылмақ

2020 жылдың 26 наурыз 2020 21:43

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен өткен селекторлық кеңесте коронавирустық инфекцияның алдын алуға қарсы іс-қимылдар жоспары қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов облыс орталығының аумағына кіреберістерде бақылау-өткізу бекеттерін орнату мүмкіндігі туралы айтты. Ол облыс басшысына эпидемиологиялық жағдай нашарлаған жағдайда автомобиль жолдарында 6 бақылау-өткізу бекетін орнатуды ұсынды.

«Қостанай облысы полиция департаменті мобильдік патрульдері Ақтөбе облысы мен Ресей Федерациясы тарапынан автокөлік қатынасын болдырмау үшін Қостанай-Ждановка және Қостанай-Майкөл автожолдарын бақылап отыр. Қала аумағын транзиттік автомобильдермен айналып өтуде Нұр-Сұлтан қаласының тәжірибесін қабылдауды ұсынамыз. Колонналар құрып, полицияның патрульдік автомобилінің қатысуымен оларды айналма жолмен алып жүру қажет», - деді Қайрат Ахметов.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов ұсынған алгоритмді қолдап, бақылау-өткізу бекеттерін орнату бойынша ұйымдастыру мәселелерін қарау туралы тапсырма берді.

«Бақылау-өткізу бекеттерін облыстың әрбір ауданында қарастыру қажет екенін атап өтті. Облыс тұрғындарынан енгізілген шектеулерді сақтауды сұраймын. Түсіністікпен қарау қажет. Барлық қабылданған шаралар вирустың таралуын азайту үшін жасалады», - деді облыс әкімі.


Жоғары қарай