Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Халық бірінші кезекте тұтынатын тауарлардың тапшылығы болмайды

2020 жылдың 25 наурыз 2020 17:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Үкіметі 9 түрлі тауарды экспорттауға тыйым салды. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сауда орталықтарындағы кезек азайып келеді. Осы ретте халық бірінші кезекте тұтынатын тауарлардың тапшылығы болмайтынын тағы да айтқым келеді», - деді ол.

Министрдің айтуынша, бұл мақсатта Үкімет 9 түрлі тауарды экспорттауға тыйым салған. Оларды қазір сауда желілері, өңірлік азық-түлік бағасын тұрақтандыру қоры, көтерме сауда жасаушылар сатып алуда.

«Қазірдің өзінде көптеген өндірушілер өз өнімдерін ішкі нарыққа бағыттағанын байқап отырмыз. Сондықтан, осындай күрделі уақытта өз еліне көмектесіп жатқан кәсіпкерлерге алғыс айтамыз»,- деді Дәурен Абаев.


Жоғары қарай