Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыдағы блокпосттар қалай жұмыс істеп жатыр

2020 жылдың 23 наурыз 2020 14:47

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігі 27 блокпоста эпидемиологтар мен санитарлық дәрігерлердің жұмысы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматыда 19 наурыздан бастап енгізілген карантинге және санитарлық-эпидемияға қарсы шаралардың күшейтілуіне байланысты қалаға көліктердің кіріп-шығуын шектейтін 27 блокпост қойылған болатын.

22 наурыздан бастап блок-бекеттердің жұмысы қатаң режимге көшті. Яғни, енді Алматыдан ешкім шыға алмайды, сәйкесінше қалаға да ешкім кірмейді. 27 блок-бекеттің 21-не 81 санитарлық дәрігер тартылған.

«Барлық блокпост тепловизорлармен, жеке қорғаныс құралдарымен жабдықталған, ыстық тамақ та ұйымдастырылған», – деді Алматы қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Әсел Қалықова.

Блок-бекеттер күні-түні үздіксіз істеп тұр. Қалаға кірген және қаладан шыққан адамдарға, автокөлік жүргізушілеріне термометрия жасалуда.

Өткен түнде қалаға кірген 23475 адам, қаладан шыққан 13893 адам, сонымен қатар, 11529 автокөлік жүргізушісі термометриядан өткізілген. Тексеру кезінде дене қызуы көтерілген 2 адам тіркелді. Оның біреуі Алматы облысының тұрғыны, Алатау ауданының №3 блок-бекетінде анықталды. Дереу жедел жәрдем бригадасының дәрігер-мамандары шақырылып, тексеріліп, нәтижесінде оған катаральді ангина диагнозы қойылды. Тұрғын қалаға кіргізілген жоқ, тұрғылықты жері бойынша тіркелген Іле ауданының емханасына жіберілді.

Ал екінші адам Алатау ауданының тұрғыны. Ол Жетісу ауданындағы №8 блокпункт тоқтатылды. Медициналық жедел жәрдем бригадасының шақыруы бойынша ол азамат та жан-жақты тексеріліп, қала ауруханасына жатқызылды.

Блокпунктерде дезинфекциялық жұмыстар тұрақты жүргізіліп жатыр.


Жоғары қарай