Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 411.66
EUR 465.92
RUB 5.81
CNY 58.79

Жуалыдағы санитарлық бекеттен бір тәулікте 590 көлік пен 800 адам өткен

2020 жылдың 22 наурыз 2020 03:03

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының кіреберісінде коронавирусқа байланысты алдын алу шараларын күшейту мақсатында санитарлық бекеттер өз жұмысын бастады. Оларды орнатудағы негізгі мақсат – халықты ақпараттандыру, азаматтардың қозғалысын бақылау және жолаушылардың дене қызуын өлшеу, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Жуалы ауданындағы блок-бекеттің жұмысымен танысты. Мұнда күн сайын жүздеген адам өтеді десек, оның дені - Шымкент қаласынан келушілер.

Аудандық полицияның мәліметінше, соңғы тәулікте мұнда 590 автокөлік пен 800 адам өткен. Әрбір өтетін адамның деректері бойынша сауалнама толтырылып, ал медицина мамандары тепловизор көмегімен олардың дене қызуын өлшейді. Бұл бекетте барлығы 8 полицей мен 15 медицина қызметкері жұмыс істеуде.

Осындай профилактикалық бекеттер Қырғызстанмен шектесетін Қордай ауданында, Қарағанды облысымен шектесетін Мойынқұм ауданында, Түркістан облысымен шектесетін Сарысу ауданында да қойылған.

Әр пункте тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, ондаған медицина, полиция және прокуратура қызметкерлері жұмыс істейді.















Жоғары қарай