Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 40-тан асты

2020 жылдың 21 наурыз 2020 23:23

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанда қауіпті індетке шалдыққандар саны өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өзбекстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, карантинде жатқан адамдар арасында тағы төрт жағдай тіркелген.

Сонымен бірге, карантиннен қашқан адамдар да жоқ емес. Мұндай жағдайлар Самарқан және Қашқадария облыстарында кездескен.

Карантиннен қашқан екі адамға қатысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.

Өзбекстан заңнамасына сәйкес, санитарлық немесе эпидемиямен күрес заңының талаптарын бұзып, халықтың жаппай ауыруына немесе улануына әкелген жағдайда қомақты айыппұл салынады немесе 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы ықтимал.


Жоғары қарай