Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Украинада қалып қойған қазақстандықтар елге қалай қайтарылады

2020 жылдың 21 наурыз 2020 19:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Дастан Рыспеков Украинада қалып қойған қазақстандықтарды елге қайтару мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ең алдымен айтқым келетіні, егер азаматтар труист ретінде туроператорлар арқылы ел аумағынан шықса және туристік коды болса, оларды кез келген жағдайда «Туристік қамқор» қорының тетіктері арқылы елге шұғыл түрде қайтару шаралары жүргізіледі», - деп атап өтті Д. Рыспеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Сонымен бірге, спикер олардың туристік коды болмаған жағдайда не істеу керектігін айтып берді.

«Егер аталған азаматтардың туристік коды болмаса, бұл мәселе дипломатиялық каналдар арқылы шешіледі. ҚР Сыртқы істер министрлігі тарапынан да тасымалдар ұйымдастырылуы мүмкін», - деді Дастан Рыспеков.

Айта кетейік, 18 наурыздағы жағдай бойынша шетелде туристік операторлар арқылы демалып жатқан қазақстандықтар саны 5 914 адамды құраған. Оларды қайтару үшін 18 наурыздан 23 наурызға дейін 19 чартерлік рейс жоспарланған.

Бұған дейін Дастан Рыспеков туристік жолдамалар құнының қалай қайтарылатынын айтып берді.



Жоғары қарай