Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Талдықорғанда заңсыз таксишілерге қарсы рейд басталды

2020 жылдың 19 наурыз 2020 22:01

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласында такси қызметімен заңсыз айналысатындарды анықтауға бағытталған рейд өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл шаралар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды. Атап айтқанда, патрульдік полиция қызметкерлері автовокзалдар мен оларға іргелес жатқан көлік жүретін бөліктердің аумақтарында тәртіп орнатуда. Заңнама нормаларын, қолданыстағы жол қозғалысы ережелерін және жеке тасымалдау ережелерін бұзумен айналысқан жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Вокзал маңындағы аумақты таңдауымыздың себебі – жергілікті тұрғындардан түскен тұрақты шағымдар болды. Олардың айтуынша, қалааралық таксистер жол ережелерін жиі елемей, жол-көлік оқиғасына әкеліп соғатын жағдайлар тудырады», - деді Талдықорған қалалық полиция басқармасының әкімшілік тәжірибе бөлімінің басшысы Самат Есболов.

Екі сағат ішінде белгіленбеген орындарда аялдаған және тұрған, сондай-ақ тиісті құжаттарсыз жолаушыларды тасымалдаумен айналысқан 27 жүргізушіге әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.





«Бүгінгі жұмыстар «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-алдын алу шарасы аясында жүргізілуде. Сонымен қатар, вокзал маңындағы аумақтарда көше-жол желісі мен жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары тексерілуде. Жолдарды күтіп ұстаудың барлық анықталған ескертулері бойынша, сондай-ақ жол белгілері мен жол таңбалары бойынша уәкілетті органдарға нұсқама жіберілді. Мұндай рейдтер жүйелі түрде жүргізілетін болады деп сендіремін», - деп толықтырды С. Есболов.





Автор Самал Қабышева
Басты сөздер: Аймақ, Заң, Алматы облысы,
Жоғары қарай