Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шымкенттік меценат коронавирус індетіне қарсы күреске 20 миллион теңге аударды

2020 жылдың 18 наурыз 2020 23:29

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттік меценат Қайрат Молдасейітов коронавирус індетіне қарсы күреске 20 миллион теңге аударды. Жиналған қаржы әлеуметтік салаға жауапты мамандармен ақылдаса отырып, көмекке мұқтаж азаматтарға үлестірілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Otau Group» холдингінің президенті әрі «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Шымкент қалалық кеңесінің төрағасы өткен жылы да Арыста жарылыстан зардап шеккендерге 10 миллион теңге қаражат аударып, елдің ризашылығын алған болатын. Қазір де елдегі бизнесмендерге үлгі көрсетті.

«Коронавирусқа байланысты қазір кәсіпкерлер де зардап шегіп жатыр. Дегенмен мүмкіндігі шектеулі, әлеуметтік жағдайы аз қамтылған, толық емес отбасылар көріп жатқан қиындықтарды бізбен салыстыруға келмейді. Сол себепті оларға қол ұшын созған абзал. Осыған байланысты «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жанынан қор аштық. Аталған қорға біз компания атынан 20 миллион теңге аудардық. Осы тұста мен басқа да кәсіпкерлерді тұрмысы төмен отбасыларға көмектесуге шақырамын. Жиналған қаржы қалалық әкімдіктің әлеуметтік салаға жауапты мамандарымен ақылдаса отырып көмекке мұқтаж азаматтарға үлестіріледі», - деді Қайрат Құсейінұлы.


Жоғары қарай