Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстан шекарасында қауіпті азық-түлікті кіргізбеу шаралары күшейтілді

2020 жылдың 18 наурыз 2020 11:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгінде Қазақстанда 63 ветеринариялық бақылау бекеті бар, онда 228 мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор қызмет етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

ЕАЭО елдерінен тауарларды өткізу кезінде бақылауды күшейту үшін қосымша 32 ветеринариялық бақылау бекеті РФ және Қырғыз Республикасы шекарасының бойында орнатылған.

Аталмыш бақылау бекеттерін орнатуға Қырғызстандағы жануарлар ауруы бойынша құбылмалы жағдай және шекараның Ресей жағы бөлігінде алдын ала хабарлау пунктін құруы себеп болды.

2020 жылдың басынан бері қосымша орнатылған 32 ветеринарлық бақылау бекетінде 19,5 мың тонна тауар, миллионға жуық мал мен құс, 32,3 млн тауық жұмыртқа тасымалдаған 2 663 автокөлік тексерілді. Нәтижесінде инспекторлар 93 автокөлікті кері қайтарып, жалпы сомасы 835 065 теңгеге айыппұл салды.

2019 жыл бойы ветеринарлық бақылау бекеттерінде 755 мың тоннаға жуық жүк, 623,5 мың бас мал мен құс, 70,7 млн жұмыртқа тасымалдаған 6 863 автокөлік тексеріліп, оның 213 жүк көлігі кері қайтарылып, миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

Бұдан басқа, Қазақстанның Өзбекстан Республикасы және ҚХР мемлекеттік шекарасы бойында 31 сыртқы ветеринарлық-бақылау бекеті жұмыс істеп тұр (14 - автожолда, 6–теміржолда, 2 – теңіз портында, 9 – халықаралық әуежайларда).

Бұл бекеттерде бақылауды 88 инспектор жүзеге асырады.

16 наурыздағы жағдай бойынша сыртқы бекеттерде 1 286 автокөлік, 766 темір жол көлігі, 55 теңіз жүгі қаралды. Жалпы сомасы 79 530 теңгеге әкімшілік құқық бұзушылық туралы 6 хаттама толтырылды (жүктерді ілеспе ветеринариялық құжаттарсыз тасымалдағаны үшін, ветеринариялық рұқсаттың болмауы, жүру бағытын сақтамағаны, дезинфекция актісінің болмауы, құлақ сырғаларының және т. б. болмауы), бақылаудағы жүгі бар 25 автокөлік кері қайтарылды.

Барлық 63 бақылау-өткізу бекеттерінде ветеринариялық инспекторлар жүктерді тексеру актілерін автоматты режімде толтырады және оларды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараттық жүйесіне енгізеді.


Фото: voxpopuli.kz
Басты сөздер: ҚР АШМ, Азық-түлік,
Жоғары қарай